Ол қорғаушылар тобында келіспеушілік туындағанын айтады.
Адвокат Бағдат Амандосұлы істе біреулердің көлеңкесінде қалғысы келмейтінін мәлімдеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұны ол өзінің жеке парақшасында жариялады.
– Мен Шерзат ісіне үлкен жауапкершілікпен келдім. Кейін мен бір кісілердің кесірінен, түсініксіз себептермен үнсіз шектетілдім. Сіздердің сұрауларыңызбен мен үнсіз қалмауға бел будым. Сот цирк емес, күлетін немесе ұйықтайтын орын емес, ол – адамның тағдырын шешетін орган. Мен аптасына екі рет толық сот процесіне қатыстым, ал қалған күндері дайындықпен айналыстым, – деді ол бейнежазбада.
Адвокаттың сөзінше, бұл істе атақты болып көріну үстем болып кеткен. "Жұрт алдына тек мен шығамын", "тек мен ғана сөйлеймін" деген секілді талаптар кәсібилікке жатпайды" деп есептейді ол.
Бағдат Амандосұлы қорғаушы топ құрамынан алынып тасталған жалғыз адвокат емес екенін бейнежазба арқылы көрсетеді.
– Халық маған сенді. Мен сол сенімді ақтауға барынша тырыстым. Бірақ біреулердің көлеңкесінде қалмаймын. Мен хайп үшін емес, әділет үшін келгенмін, – деп сөзін қорытындылады адвокат.
Десе де, қорғаушы нақты кімнің тарапынан шеттетілгенін ашық айтпаған.