Алматыда жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру мақсатында халықаралық байқау басталды. Сайыс WorldSkills стандарттары бойынша әрлеу және дәнекерлеу шеберлерінің арасында өтіп жатыр. Мақсат – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, ұстаздардың кәсіби дамуы үшін тәжірибе алмасу. Шарада Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолияның колледж оқытушылары студенттерге шеберлік сағаттарын өткізіп, білім-білігімен бөлісті. Сайыс жұмыстары бірнеше кезең бойынша бағаланады. Ал жеңімпаздар 30 мамырда анықталып, марапатталады.

Бұлбұл Елеусінова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» коммерциялық емес АҚ вице-президенті:

Мамандар дайындау бағытындағы өзекті, маңызды шара. Жақсы мамандарды дайындау үшін, студенттерге сапалы білім беру үшін оған сәйкес жоғары дәрежелі, халықаралық стандарттарға сай педагогтардың жұмыс істегені маңызды.

Жазира Оразқызы