«Президент Жолдауы елдің одан әрі жедел инновациялық дамуына зор серпін береді». Олжас Бектенов осылай деді. Бүгінгі Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды. Жауаптылар барлық сала бойынша қолға алынған жоспар жайында жан-жақты баяндады .