Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 6,3 млн гектары жиналған
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр.
Бүгінгі таңда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 6,3 млн гектары жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 39,3%-ін құрайды.
Нәтижесінде 9 миллион тоннаға жуық астық бастырылды.
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер:
221 мың тонна майлы дақыл;
933 мың тонна картоп;
2,2 миллион тоннаға жуық көкөніс;
2,1 миллион тоннадан астам бақша дақылдарын жинады.
«Сонымен қатар 358,1 мың тонна қырыққабат, 448,1 мың тонна пияз және 137,8 мың тонна сәбіз жиналды», — дейді ауылшаруашылық министрлігі .
Министрліктің айтуынша, егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сәйкес оңтайлы мерзімде жүргізіліп жатыр.