Бөлімдер
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Конго Президентін қарсы алды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго Демократиялық Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Содан соң Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.