Құлсары қаласында «Келешек мектептері» жобасы аясында 1200 орындық білім ордасы салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары кезінде спорт залының төбесі опырылып, ортасына түсті. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы Кұлсарыдағы жағдайға байланысты ресми жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

— Аталған нысанды «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында «Turan Ascent» ЖШС салып жатыр. Мектепті пайдалануға беру мерзімі — 2025 жылдың соңы. Алдын ала мәлімет бойынша, құрылыс материалдарын дұрыс сақтамау және орналастыру талаптарының бұзылуынан осындай оқиға болған. Атап айтқанда, спорт залының шатырына шектелген аумаққа салмағы 6 тоннадан асатын материалдар қойылып, конструкцияға зақым келтірген. Оқиғаға байланысты тапсырыс беруші тарапынан басшылық, техникалық және авторлық қадағалау өкілдері кіретін комиссия құрылды. Сонымен қатар, жобалық шешімдерге сәйкестігін және конструкциялардың көтеру қабілетін тексеру үшін арнайы техникалық сараптама ұйымы тартылды, — деп хабарлады «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Сараптама жұмыстарынан соң ғана қорытынды шешім қабылданады. Мердігер анықталған барлық кемшілікті жоюға міндетті.

— «Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Келешек мектептері» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында сапа мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды басты қағида етіп ұстанады, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

@imediacom В Кульсары Атырауской области произошло ЧП — обрушилась крыша школы, которую планировали ввести в эксплуатацию до конца текущего года. В региональном управлении образования пояснили, что строительство объекта ведётся в рамках нацпроекта, а ответственным администратором выступает областное управление строительства. По информации оператора проекта «Samruk-Kazyna Construction», подрядчиком значится ТОО «Turan Ascent». Предварительно установлено, что на крышу спортзала подрядная организация уложила более шести тонн кровельных материалов, что вызвало повреждение конструкции. «Создана комиссия с участием руководства, технического и авторского надзоров. Для проверки несущих способностей здания привлечена специализированная организация. Все выявленные нарушения подрядчиком будут устранены», — сообщили в компании. #imediacomkz #казахстан #атырау #atyrau #мектеп ♬ Notícia Urgente! — TheTrend