Конго Демократиялық Республикасы. Африка құрлығындағы ең ірі мемлекеттердің бірі. Халық саны 100 млн-нан асады. Өзінің бай табиғи ресурстарымен танымал. Бүгінде әлемде өндірілетін кобальттың 70 пайызы осы Конго Демократиялық Республикасына тиесілі.

Астана мен Киншаса арасындағы қашықтық 8 мың шақырымнан асып жатса да, арадағы сауда байланысы үзілмеген. Былтыр бұл көрсеткіш 4 млн 700 мың доллардан асқан. Оның 92 мың долларға жуығы қазақстандық экспорт болса, қалған 4,5 млн-нан астамы Конголық импорт.

Сауда-Саттық – $4 МЛН 702,9 МЫҢ

Экспорт – $91,9 МЫҢ

Импорт – $4,6 МЛН

Еліміз Африка құрлығына негізінен өлшеуіш құрылғыларын, машиналар мен қондырғыларға арналған қажетті механизмдерді, арматура, тасымалдауға арналған контейнерлер сынды тауарларды жөнелтеді екен.

Өлшеуіш құрылғылары — $45,9 МЫҢ

Машиналар мен қондырғылар механизмі — $21,5 МЫҢ

Арматура — $2,2 МЫҢ

Контейнер — $2 МЫҢ

Конго Демократиялық Республикасы болса, Қазақстанға негізінен сирек металл кені мен концентраттарын экспорттайды. Сонымен қатар, кофе, ақпаратты өңдеуге арналған қондырғының бөлшектері мен өзге де пластмасса бұйымдарын жөнелтеді.

Сирек металл кендері мен концентраттар – $4,6 МЛН

Кофе – $1,6 МЫҢ

Ақпаратты өңдеуге арналған техника бөлшегі – $200 МЫҢ

Пластмасса бұйымдары – $100 МЫҢ

Айта кету керек, биыл тамыз айында Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапарды екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам ретінде бағалаған. Енді Астанаға Мемлекет басшысының шақыруымен Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келді. Бүгін тараптар жоғары деңгейдегі келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту жайын кеңінен талқыламақ.

Авторы: Риат Шони