Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде заңсыз зейнетақы алып келген қос азаматтығы бар қазақстандықтар қаражатты бюджетке қайтаруға міндетті болатынын мәлімдеді
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жақыпованың айтуынша, мұндай азаматтарға қатысты материалдар Қаржылық мониторинг агенттігіне жолданған. Қазір онда тергеу жүргізіліп, келтірілген нақты залал сомасы анықталуда.
Залал сомасын уәкілетті орган – Қаржылық мониторинг агенттігі анықтауы тиіс. Барлық материалдар жолданды, менің ойымша, тергеу жүріп жатыр және заңсыз алынған зейнетақы мемлекетке қайтарылатын болады, – деді министр.