Астанаға Ресей премьер-министрінің орынбасары Чернышенко келді
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенкомен кездесу өткізді.
2025 жылғы қаңтар-маусым аралығында өзара тауар айналымы 12 млрд АҚШ долларын құраған. Екі мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша өзара сауданы 30 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүріп жатыр.

Қазақстан мен Ресей өзара сауданы 30 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтады
© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
Экономика саласынан бөлек цифрландыру, инновация, спорт, туризм және білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.
Тараптар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің сенімге құрылған диалогы мен ұдайы хабар алысып тұрғанының арқасында тұрақты экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар орныққанын атап өтті. Екіжақты қатынастар стратегиялық серіктестік пен одақтастық бағытында дамуда.
Сапар аясында Дмитрий Чернышенко бірқатар нысандарға барады.