Елдегі 1 миллионнан аса тұрғынның қолға алатын жалақысы мәз емес.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрліктің дерегінше, 2025 жылы ең төменгі жалақы 85 000 теңге болды, ал оны 790 мың қазақстандық алып жатыр. Одан өзге 329 мың тұрғынның ресми жалақысы 85 мыңнан да төмен көрсеткішке ие.
Светлана Жақыпова жалақыны нақты есептеу, міндетті аударым негізінде жүргізілетінін еске салды.
– Есептеу Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, Әлеуметтік сақтандыру қорына, Медициналық сақтандыру қорына аударылған міндетті зейнетақы жарна мен әлеуметтік аударымнан шығады, – деп түсіндірді ол.
Бұған дейін депутат Ринат Зайыттың ең төменгі жалақыға қатысты мәселе көтергенін жаздық.
Оның алдында елде 85 мың теңге жалақыны қанша азамат алып отырғаны белгілі болған еді.