Ұлттық банктің 10 қыркүйекке ресми бағамы – 536,76 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,46 теңгеге қымбаттап, 538,20 теңге болды. Ұлттық банктің 10 қыркүйекке ресми бағамы – 536,76 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,02 теңгеден сатып алынады, 539,85 теңгеден сатылады. Еуро 628,81–632,97 теңге, ал рубль 6,24-6,40 теңге аралығында саудаланады.


Оқи отырыңыз: Инфляция болжамы жаңартылды: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтады


Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 537,00 теңгеден сатып алынады, 542,00 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу – 627,79 теңге, сату – 636,15 теңге, ал рубль 6,25 – 6,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.