Судья шағым түсіруге құқылы.
Шымкентте судья Әбинұр Қарабаевқа қатысты Судья әдебі жөніндегі комиссиясының тексеру материалдары Жоғары Сот Кеңесінің Сот жюриіне жолданады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әбинұр Қарабаев Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке қатысты іс бойынша судья болған.
"Судья Әбинұр Қарабаевқа қатысты материал Судья әдебі жөніндегі комиссиясымен тексеру материалдарын негізінен қарау үшін Жоғары Сот Кеңесінің Сот жюриіне жолдау туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда аталған шешім заңды күшіне енбеген, судья Ә.Қарабаев оған шағым беруге құқылы", – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Айта кету керек, бұған дейін БАҚ өкіліне тілін шығарған Шымкент судьясының әрекеті қаралатынын жазғанбыз.