Өсудің негізгі факторлары сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларындағы оң динамика болды.
Ұлттық статистика бюросының жедел деректері бойынша, 2025 жылдың сегіз айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Өнеркәсіп 7,6%-ға өсті. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 6,5%-ды құраған өңдеу секторындағы өсім қарқынының жеделдеуі байқалды. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі драйверлері: машина жасау (+15,1%), тамақ өндірісі (+10,1%), мұнай өңдеу (+7,6%), химия өнеркәсібі (+7,5%) және металлургия (+1,1%) салалары.
Сауда негізінен көтерме сауда есебінен 8,9%-ға өсті, оның саладағы үлесі 66,6%-ды құрайды. Ең жоғары өсу қарқыны Шымкент (+21,3%), Шығыс Қазақстан (+5,7%) және Жетісу (+0,6%) облыстарында тіркелді.
Құрылыста өндіріс көлемінед өсім 18,1%-ды көрсетті.
Көлік және қоймалау саласындағы қызметтер көлемі 21,5%-ға өсті. Ауыл шаруашылығында өсім 3,4%-ды құрады.