Мұндай деректі Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбаев хабарлады.

2026 жылы республикалық бюджет кірісі 23,1 триллион теңге көлемінде болады жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қаржы вице-министрінің сөзінше, бюджет кірісі мен тапшылық ескеріледі.

– 2026 жылы бюджет тапшылығы, жалпы ішкі өнім 2,5%-ға жетеді деп күтіліп отыр, ал 2028 жылға қарай 0,9%-ға дейін төмендейді. Қарыздық жүктемені қалыпты деңгейде сақтай отырып, шығысты оңтайландыру емес, кіріс базасын нығайтуға ұмтыламыз. Кіріс пен тапшылықты ескере отырып, бюджеттік шығыс – 27,7 трлн теңге, бұл биылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге артық. Мемлекеттік қарызды өтеуге 3,5 трлн теңге жоспарланған. Шұғыл шығыс пен төтенше жағдайды жоюға арналған мемлекеттік резервке шамамен 500 млрд теңге бағытталады, – деді ол.

2026 жылы Президент бастамаларын жүзеге асыру үшін 285 миллиард теңге бөлінеді деп болжанған.

– Басымдық негізгі міндеттемені толық қаржыландыруға беріледі. 2026 жылғы бюджетті Ұлттық қордан мақсатты трансферт тартпай-ақ теңгерімді етуді көздеп отырмыз. Жалпы көлемі 36,2 трлн теңге болатын шығыстың ішінде 27,7 трлн теңге қолдау тапты. Бұл – әкімдіктермен жүргізілген ауқымды бірлескен жұмыс нәтижесі, тек маңызды әрі қажетті бағыттар іріктелді. Шығысты оңтайландыру және басымдықтарды қайта бөлу жүргізілді. Бұл базалық ағымдық шығысты қысқартуға мүмкіндік берді, жалпы шығыстың үлесі 15%-дан 12,3%-ға дейін төмендеді. Өкілдік және ағымдағы сипаттағы шығысты оңтайландырылып, нақты секторға қайта бағытталды, – дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" және республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалар, Астана бюджеті арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферт көлемі туралы заң жобасы таныстырылды.