Шара бір мезгілде 20 қалада өтуде және 2500-ден астам қатысушыны біріктіреді.
12 қыркүйекте Қазақстанда Decentrathon 4.0 – елдегі ең ірі офлайн-хакатон ресми түрде басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұйымдастырушылар – Astana Hub пен Blockchain & AI Technology Center (BAITC), Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен.
Хакатонның алғашқы күні Web3.0 және блокчейн-технологияларға арналды. Қатысушылар қазірдің өзінде шешімдерді әзірлеуге кірісті. Алдағы екі күнде, 13–14 қыркүйекте, хакатон жасанды интеллект (AI) бағытымен жалғасады.
Қатысушылар командалар құрып, нақты кейстермен жұмыс істеп, менторлардың қолдауын алып, өз жобаларын салалық сарапшыларға қорғауға дайындайды. Биылғы жылы AI-тректің эксклюзивті серіктестері
– "Банк ЦентрКредит" АҚ, BCC-HUB мансап орталығы және халықаралық IT-компания InDrive болды. Ал блокчейн бағыты бойынша серіктес – қатысушыларға техникалық тапсырмалар ұсынған Solana блокчейн-платформасы.
Финалға өткен қатысушылар Қазақстанның басты технологиялық алаңында – халықаралық Digital Bridge-2025 конференциясында өз жобаларын көпшілікке, әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге таныстыру мүмкіндігіне ие болады.
Decentrathon бұған дейін үш рет өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған қатысушыларды біріктірді. Ал төртінші маусымда жоба елдің цифрлық болашағын құруға дайындар үшін бұрынғыдан да жарқын идеялар мен жаңа мүмкіндіктерді уәде етеді.
Өткізу күндері:
• 12 қыркүйек – Web3.0 / Blockchain трегі
• 13–14 қыркүйек – AI трегі
Формат: офлайн, Қазақстанның 20 қаласында.