Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай тасымалдау көлемі артып келеді, деп хабарлайды 24KZ. Жаңғырту жұмыстарының арқасында бұл көрсеткішті жылына 81 млн тоннаға дейін жеткізуге техникалық мүмкіндік бар.

Сонымен қатар аталмыш мұнай құбырының «тар» тұстарын жою жоспарланып отыр. Осы арқылы қазан айында мұнай жөнелту көлемі 1 млрд тоннаға дейін жетуі мүмкін. Премьер-министр Олжас Бектенов консорциум басшысы Николай Горбаньмен кездесіп, қазақ мұнайын тасымалдау мәселесін талқылады. Николай Горбаньның айтуынша, «Кропоткинская» мұнай айдау станциясында қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Отандық компаниялармен серіктестік орнату ісі де сәтті жүзеге асып жатыр. Преьмер-министр ел Үкіметі мұнай құбырының үздіксіз жұмыс істеуіне ерекше назар аударып отырғанын айтты. Осыған байланысты қазақстандық тарап қажетті қолдау көрсетеді. Кездесуде консорциумның әлеуметтік жауапкершілігі де қаралды. Мекеме Атырау қаласында 900 орындық мектеп салып жатыр. Былтыр бұл бағытқа 4 млрд теңгеден аса қаржы бөлген. Биыл білім беру және медицинаға көңіл бөледі.