Жол-көлік апатында қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізу үшін ІІМ Ұлттық ұлан борты жіберілді, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.

Денелерін сәйкестендіру және басқа қажетті рәсімдерді өткізу үшін бортта жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың туыстары ұшып барады.

Бортта денелерін сәйкестендіру және басқа қажетті рәсімдерді өткізу үшін жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың туыстары ұшып барады.

Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады. Қаза тапқандардың ішінде бес әйел Қарағанды облысынан, біреуі Астана қаласының тұрғыны.

— Бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, денелерді сәйкестендіру рәсімдеріне қатысу, оларды тасымалдау және кейінгі жерлеу ұйымдастыру жұмыстарын оперативті шешу мақсатында ұйымдастырылды, — деді ІІМ ресми өкілі — департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.