Қостанай облысында магистральді су құбырын жөндеу кезінде жұмысшыларды топырақ басып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқыс жағдайдан бір жұмысшы көз жұмды. Ол Рудный қаласының ауруханасына жеткізілген. Өкінішке қарай жұмысшы қайтыс болды.
Қайғылы оқиға Рудный қаласында 13 тамызда болған. Жұмысшылар апатты қалпына келтіріп жатқанда топырақ опырылып құлаған.
"Еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адамның қаза болуына байланысты полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар жасалды", — дейді Қостанай облыстық полиция департаменті.