« Қазгидромет » РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 13-14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында, 14 қыркүйекте Жетісу облысының таулы аудандарында, 15 қыркүйекте Маңғыстау облысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
«Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, республиканың оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.
Температуралық жағдайда ауа температурасының төмендеуі күтіледі: елдің шығысында түнде 0-9 градус жылы, күндіз 10-22 градус жылы, елдің оңтүстігінде түнде 10-16 градус жылы, күндіз 17-28 градус жылы, орталықта түнде 1-9 градус жылы, күндіз 12-20 градус жылы», делінген синоптиктер болжамында
Сонымен қатар, солтүстікте, солтүстік-батыста күндізгі ауа температурасының 12-19 градус жылыға дейін көтерілуі күтіледі. Батыста, оңтүстік-шығыста температуралық жағдайда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.