Бұл аумақтар екі ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға байланысты шектеліп отыр.
Алматыда 12 қыркүйек сағат 23:00-ден бастап 14 қыркүйек сағат 05:00-ге дейін Жандосов көшесінде құбыр мен кәріз жүйесін жүргізуге байланысты автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы қалалық энергетика және су шаруашылығы басқармасы хабарлады.
Қозғалыс төмендегі учаскелерде шектеледі:
- Жандосов – Дәулеткерей көшелерінің қиылысы (400 мм құбыр желісі, 1000 мм қаптама диаметрі);
- Жандосов – Дәулеткерей көшелерінің қиылысы (325 мм құбыр желісі, 1000 мм қаптама диаметрі);
- Жандосов – Айманов көшелерінің қиылысы (325 мм құбыр желісі, 1000 мм қаптама диаметрі);
- Жандосов – Бекешев көшелерінің қиылысы (325 мм құбыр желісі, 1000 мм қаптама диаметрі).
Оқи отырыңыз: 12 қыркүйектегі Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Бұл аумақтар екі ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға байланысты шектеліп отыр:
- "Алматы қаласында Батыс кәріз коллекторын салу" – жалпы ұзындығы 34,9 шақырымдық магистральды кәріз коллекторы салынады. Жоба Наурызбай және Алатау аудандарының 175 мыңнан астам тұрғынын, сонымен қатар Алматы облысының Қарасай және Іле аудандарының шамамен 20 мың тұрғынын орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.
- "Наурызбай ауданы Ақжар шағынауданында су және кәріз желілерін салу" – аумақтың инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға, ауыз су беруді тұрақтандыруға және кәріз жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.