Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай әлем чемпионатының ширек финалында украиналық былғары қолғап шебері Анна Охотамен жекпе-жек өткізіп, қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осылайша отандасымыз Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін 8 боксшымыз жартылай финалға шығып қойған болатын.
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Спорттық бәсеке «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.