АҚШ президенті Дональд Трамп ЕуроОдақ тауарларына 50 пайыз баж салығын салуды кейінге қалдырды. Тарифтер шілденің 9-на дейін күшіне енбейді. Ақ үй басшысы мұндай шешімді Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін қабылдаған. Ал өткен аптада Трамп еуропалық тауарларға 50 пайыз баж салығын маусымның 1-нен бастап енгізетінін жариялаған еді. Тараптар жақында бұған қатысты жиын өткізбек. Брюссель келіссөз сәтсіз аяқталса, америкалық тауарларға да тариф енгізетінін мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы