Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіровке қатысты іс бойынша апелляциялық шағым түсірілді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы авиациялық көлік прокуроры қалалық мамандандырылған соттың Ерболат Әбдіровке қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша істі тоқтату туралы шешіміне наразылық білдірген.
Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы аталған шағым Маңғыстау облыстық сотында қаралатынын хабарлады.
– Қызметтік тергеу жүріп жатуына байланысты, "Құқық қорғау қызметі туралы" заңның 38-бабы негізінде Ерболат Әбдіров қызметтік жауапкершілігіне қатысты мәселе толық шешілгенге дейін қызметінен уақытша шеттетілді, – делінген ресми хабарламада.