Бұл шешім Қазақстан футболының даму бағытына айтарлықтай өзгеріс әкелуі мүмкін. Себебі жеке капитал клубтардың инфрақұрылымы мен кадрлық әлеуетін жақсартуға мүмкіндік береді.

Жекешелендіру тізіміне мына клубтар енді: “Ақтөбе", “Астана", “Атырау", "Ордабасы", "Тұран", "Тараз", "Каспий", "Шахтёр". Бұл шешім Қазақстан футболының даму бағытына үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін.

Атырау облысының спорт басқармасы "Атырау” клубын жекешелендіруді 2025–2026 жылдары жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Инвесторлардан талап етілетін негізгі шарттар: балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, білікті мамандарды тарту, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Ал Шымкентте "Ордабасы" клубына қатысты жеке инвесторлармен келіссөздер әзірге жүргізілмеген.

Түркістан облысының әкімдігі "Тұранды" дамыту жобасына "Қазатомпром" ұлттық компаниясын тарту бойынша келіссөз жүргізгенін мәлімдеді. Сонымен қатар, "Саутс-Ойл" компаниясына да ұсыныс жолданған.

Әлеуметтік желілерде осы төрт клубтың да жекешелендірілетіні туралы ақпарат тараған еді.

"Қызылжар" баспасөз қызметі инвестор Сергей Канмен келіссөздер жүргізіліп жатқанын растады. 2026–2028 жылдары клубты қаржыландыру әкімшілік пен жеке капитал есебінен қатар жүргізілмек.

"Жеңіс" бұл мәселеге қатысты түсініктеме беруден бас тартты. Ал, "Қайсар” клубы әзірге жекешелендіруге шығарылмағанын айтты. Қарағанды облысында "Шахтёрды” жеке қолға беру туралы айту әлі ерте деп есептейді.