АҚШ-та Дональд Трамптың жақтасы Чарли Киркті өлтірді деген күдікпен 22 жастағы жігіт ұсталды, деп жазады inbusiness .kz сайты.
Ол Юта штатындағы Utah Valley University кампусында Чарли Кирк сөйлеп тұрған сәтте қарама-қарсы ғимараттың төбесінен оқ атты деген күдікке ілінді.
Тергеушілердің мәліметінше, Тайлер Робинсон қылмыстан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
Кейін адам өлтіргенін әкесіне мойындап, отбасының полицияға хабарлауы арқылы ұсталған.
Айта кетейік, Чарли Кирктің қазасы АҚШ-та үлкен саяси резонанс тудырды. Ол бұрыннан Республикалық партияның белсенді өкілі болып, Дональд Трамптың негізгі жақтастарының бірі саналып келген.