Қазақстанда инфляцияны жыл соңына дейін 10–11 пайыз деңгейінде ұстап тұруға бағытталған шаралар қабылдануда. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың соңына дейін коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуіне жол берілмейді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге ерекше назар аударылып отыр. Олар үшін басқа заңды тұлғалармен салыстырғанда жеңілдікті шарттарды көздейтін ұстамды тарифтік саясат қолданылады.