Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова (51 келі) алтын медаль алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Отандасымыз финалда алтын жүлдені түркиялық Бусеназ Чакыроглумен сарапқа салды.

Алғашқы екі раундта Алуа жинақы қимылдап, қарсыласына көбірек соққы жұмсады. Нәтижесінде Алуа Балқыбекова әлем чемпионы атанды.

Алуа Балқыбекова 1996 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін әлем чемпионатында алтын, күміс, қола медаль алса, екі мәрте Азия чемпионы атағын жеңіп алды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Махмұд Сабырхан (55 келі) мен Санжар Ташкенбай (50 келі) әлем чемпионы атанса, Назым қызайбай (48 келі) күміс жүлдегер болды.