ҚР ТЖМ қызметкерлері 4 адамды өрттен құтқарып қалды .
Сәтбаевта төрт адам көпқабатты үйдегі пәтерімен бірге өртеніп кете жаздады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Сәтбаев қаласының Ерден көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде жиһаз бен үй заттары өртенді.
"ТЖМ күшімен өрт сөндіріліп, басқа пәтерлерге таралуына жол берілген жоқ. Өрт сөндіру барысында баспалдақпен құтқару қалпақтарының көмегімен 4 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды", – делінген хабарламада.