Ресей «Циркон» гипердыбысты зымыранын сынақтан өткізді . Орыс әскері сынақты Беларусьпен бірлескен «Запад-2025» оқу-жаттығулары аясында Баренц теңізінде жүргізген. Шабуылды Солтүстік флоттың «Адмирал Головко» фрегаты іске асырды.
Негізгі жаттығулар Беларусь аумағында, бір бөлігі Ресей жерінде жүріп жатыр. "Бұл шаралар Мәскеу мен Минск арасындағы әскери ынтымақтастықты және Ресейдің әскери қуатын көрсетеді", — дейді ақпарат көздері.