2025 жылдың қазан айында қазақстандықтар мереке мен демалыс күндерін қосқанда 9 күн демалады , деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда 25 қазанда Республика күні аталып өтеді. Бұл мереке 2025 жылы сенбі күніне сәйкес келеді. Сондықтан ол күннің демалысы 27 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.

Осыған байланысты 5 күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 25, 26 және 27 қазан күндері демалады.

Айта кетейік, қазан айында демалыс күндері мынадай болады:

4, 5 қазан (сенбі, жексенбі);

11, 12 қазан (сенбі, жексенбі);

18, 19 қазан (сенбі, жексенбі);

25, 26, 27 қазан (сенбі, жексенбі, дүйсенбі).