Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтің төменгі жақ сүйегі сынып, алдағы ойындарда алаңға шыға алмайды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Алдын ала қойылған диагноз — төменгі жақ сүйегінің сынуы. Өкінішке қарай, алдағы кездесулерге қатыса алмайды», деді клубтың медиа-офицері Арман Жақсығұлов.

Анарбеков ел біріншілігінің 23-туры аясында «Ақтөбеге» қарсы ойында жарақат алған болатын. Кездесудің 10-минутында айып добынан кейін ол қонақ команданың қорғаушысы Уче Агбомен соқтығысып, ойынды жалғастыра алмады. Футболшыны алаңнан зембілмен алып шықты.