"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билеттері 23 қыркүйекте сатыла бастайды.
Алматының "Қайрат" футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үй ойындарына билеттер сату тәртібі мен мерзімін жариялады.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, "Қайрат" — "Реал Мадрид" кездесуіне билеттерді сату 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де басталады. Бір ЖСН-ға екіден артық билет рәсімдеуге болмайды. Деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіру кезінде де қатаң тексеріледі.
УЕФА-мен келісілген баға саясатына сәйкес, Чемпиондар лигасының барлық үй матчтарына билеттер құны 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін болады.
Оқи отырыңыз: "Қайрат" – "Реал Мадрид" ойыны: Алматыдағы Орталық стадион Чемпиондар лигасының матчтарына дайын ба
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от «Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat)