Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жасады.

Кейінгі күндері елімізде болған ірі жол-көлік апаттары қоғамды дүр сілкіндірді. Маңғыстау облысында шағын автобустың аударылуынан 10 адам, Жетісу облысында үш көліктің соқтығысуынан тағы 10 адам, ал Қарағанды облысында бес адам қаза болды, деп хабарлады Polisia.kz.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, бұл оқиғаларды "жай ғана жол апаттары емес, орны толмас адам шығыны" деп бағалады.

Министрлік жүргізушілерді жылдамдықты асырмауға, қарсы бағытқа шықпауға, қауіпті маневр жасамауға және қауіпсіздік белдігін тағуға шақырды.

"Жол қателікті кешірмейді!", – деді Сарғұлов.


Оқи отырыңыз: Абай облысында жол апатынан үш бала қаза болды, тағы үшеуі ауыр жарақат алды


Қазіргі таңда қылмыстық істер қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ІІМ жолдағы бақылауды күшейтіп, ауқымды рейдтер мен тексерістер ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Дегенмен полиция өкілдері жол қауіпсіздігі ең алдымен әрбір жүргізушінің жеке жауапкершілігі екенін ескертті.