Синоптиктер болжамы белгілі болды.
"Қазгидромет" РМК 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, 16 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын күтіледі.
Ақмола, Алматы, Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарында күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Астанада күн бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +6…+8°С, күндіз +17…+19°С шамасында болады.
Алматыда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, ауа +21…+23°С дейін жылынады.
Батыс өңірлерінде – Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында негізінен жауын-шашынсыз, бірақ кейбір аймақтарда тұман күтіледі. Түнгі ауа температурасы +5…+12°С аралығында болса, күндіз +18…+24°С-қа дейін көтеріледі.
Оқи отырыңыз: Қазақстан азаматтары қазан айында неше күн демалады
Солтүстік және шығыс аймақтарда – Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы басым. Дегенмен, түнде және таңертең тұман түсіп, кей өңірлерде топырақ бетінде үсік жүреді. Түнгі температура +1…+8°С, күндіз +15…+22°С аралығында.