Вьетнамдық VietJet Aviation компаниясы Airbus-тан 20 кеңфюзеляжды ұшақ сатып алу жөнінде келісім жасады.

Франция Президенті Эмманюэль Макрон Вьетнам астанасы Ханойға сапары кезінде осындай мәмілеге қол қойылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Әр ұшақтың құны – 374 млн доллар. Жалпы тапсырыстың сомасы 7,5 млрд долларды құрап отыр. Өткен жылы VietJet Airbus-тан дәл осы модельдің 20 данасын алған еді. Қазір компания паркингінде Airbus-тың 115 әуе көлігі бар.

Айта кетейік, Vietjet Air лоукостері вьетнамдық SOVICO Group холдингінің құрамына кіреді. Бұл холдинг былтыр "Самұрық -Қазынадан" қарызға батқан Qazaq Air компаниясын сатып алды. Мәміле құны – 2 млрд теңге. Енді Қазақстаннан бір әуежай сатып алу немесе басқаруға алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Осы жылы мамырда Vietjet Air мен Qazaq Air стратегиялық келісімге қол қойып, VietJet Kazakhstan атты жаңа компания құрды.

Бұл ретте вьетнамдық инвестор бірқатар міндетті орындайды, компанияның әуе паркін Boeing және Airbus ұшақтарымен толықтырады. Оның әуе паркінде 20 Boeing 737 ұшағы болады.