АЭХА-ның Бас конференциясы аясында ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АЭХА Бас директоры Рафаэль Гроссимен кездесті.

Кездесуде Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы, атом электр станциясын салу жоспары, инфрақұрылымды жетілдіру және ядролық технологияларды түрлі салаларда қолдану мәселелері талқыланды.

Рафаэль Гросси АЭХА-ның Қазақстанға АЭС салудың барлық кезеңінде – алаңды таңдаудан бастап, нысанды пайдалануға беруге дейін – кешенді қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Сондай-ақ уран ресурстарын тиімді пайдалану, жаһандық нарыққа тұрақты жеткізілім мен ұлттық мүдделердің теңгерімі талқыланды. Қазақстан халықаралық консорциум құру, зерттеу жобаларын іске асыру және жоғары байытылған отынды сақтау нысанын іске қосу жоспары туралы хабарлады.

Тараптар 2025-2027 жылдарға арналған бірлескен «жол картасын» әзірлеуге және өзара іс-қимылды жандандыруға уағдаласты. Кездесу соңында Рафаэль Гросси Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырылды.