Түркияның Измир қаласы қоқыстан көз ашпай тұр, деп хабарлайды 24kz.

Әсіресе, Буджа-Сейхан ауданында түрлі қалдықтардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қоқыс тастау алаңына күніне шамамен 5 мың тонна қалдық жеткізіледі. Бірақ оны қадағалап, уақытылы тазалайтын ешкім жоқ. Сондықтан көбіне қоқысты өртеп жібереді. Жиналған үйінділерден жағымсыз иіс шығып, аймақта санитарлық жағдай нашарлап барады. Тұрғындар мұның кесірінен шаһарда зиянкестер көбейіп, денсаулыққа қауіп төнуі мүмкін деп алаңдайды.