Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі аясында Жас діни лидерлер форумы өтеді. Жиын жаңа буынды жаһандық міндеттерді шешуге жұмылдыруға және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға бағытталған.
Маңызды басқосу түрлі мәдениет пен дін өкілдерінің өзара түсіністікке ұмтылатын жаңа көшбасшылар буынын қалыптастыруға ықпал етеді. Шараға жас діни қызметкерлермен қатар, ғалымдар, сарапшылар, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері қатысады. Форум елде екінші рет ұйымдастырылғалы отыр.