АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі тоғыз айдан кейін алғаш рет негізгі пайыздық мөлшерлемені төмендетті.
Шешімнің басты себебі – еңбек нарығының әлсіреуі. Мөлшерлеме 4,3%-дан 4,1%-ға түсті. Федералды резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэллдың айтуынша, еңбек орындары азайып, тұрғындар арасында жұмыссыздық қаупі күшейген. Төмен мөлшерлеме ипотекадан бастап бизнеске дейінгі несиелерді арзандатып, экономикаға тың серпін бермек.