Антикор мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтарды мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Агенттік сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын көтеру тұрғысынан мемлекеттік сатып алуларға тексеріс жүргізген. Биыл 5 айда 29 млрд теңгеге осындай деректер анықталған, оның 6,4 млрд теңгесі бюджетке қайтарылған.

"Қалған соманы (22,6 млрд теңге) тапсырыс берушілер қайта қарап, олар бойынша жоспарлы бағалар төмендеді немесе сатып алынатын тауар көлемі ұлғайды", — деп жазылған хабарламада.

2019 жылдан бері 224,7 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға жол берілмеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget