Ұлттық банктің ресми бағамы — 541,01 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,21 теңгеге қымбаттап, 541,34 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 541,01 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 541,11 теңгеден сатып алынады, 542,82 теңгеден сатылады. Еуро 637,49 – 640,96 теңге, ал рубль 6,41 – 6,53 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 76,60 теңгеден сатып алынады, 79,35 теңгеден сатылады.


Оқи отырыңыз: Инфляция болжамы жаңартылды: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтады


Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 539,65 теңгеден сатып алынады, 544,65 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу — 636,35 теңге, сату — 644,38 теңге, ал рубль 6,44 — 6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.