Әйел аудандық ауруханада ем алған.

18 қыркүйекте ҚР ТЖМ "Қазәуеқұтқару" АҚ тікұшағы санитарлық авиация желісі бойынша Бұрлы ауданының 49 жастағы тұрғынын шұғыл эвакуациялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрлік мәліметінше, науқас тар бейінді мамандардың көмегін алу үшін облыс орталығындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

"Экипаж бен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау уақыты едәуір қысқарып, емнің сәтті аяқталу мүмкіндігі артты", – делінген хабарламада.