Ұлттық банктің ресми бағамы – 541,34 теңге .

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,09 теңгеге арзандап, 541,19 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 541,34 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 541,58 теңгеден сатып алынады, 543,43 теңгеден сатылады. Еуро 636,63 – 640,84 теңге, ал рубль 6,41 – 6,53 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 539,66 теңгеден сатып алынады, 544,66 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу – 634,78 теңге, сату – 642,79 теңге. Рубль 6,45 – 6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Оқи отырыңыз: Инфляция болжамы жаңартылды: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтады