Елде биылғы 4 айда тұрмыстық құқық бұзушылық үшін 2 мың 93 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Түрлі жанжал төңірегінде "102" номеріне 3 мың 76 рет қоңырау шалынған. Тұрмыстық сипаттағы заңсыздыққа барған 3 мың 765 адам профилактикалық есепке алынды. Оның ішінде 1 мың 750-і уақытша ұстау бөлмесіне қамауға алынды. Бүгінде Полиция департаменті алдын алу шараларын күшейтіп, мүдделі мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен бірлесе жұмыс істеп келеді.
Әкімшілік жауапкершілік — 2093 адам
"102" — 3076 хабарлама
Профилактикалық есеп — 3765 адам
Уақытша ұстау бөлмесі — 1750 адам