Сирияда Башар Асад билігі кезіндегі тағы бір жаппай жерлеу орны табылды.
Қабірден 25 адамның денесі шығарылды. Бірақ мамандар мұнда шамамен 175 мәйіт болуы мүмкін дейді. Шам елінің қазіргі билігі оларды бұрынғы президенттің әскері өлтірген деп отыр. Айта кетейік, Сирияда 2011 жылы басталған азаматтық соғыс кезінде 100 мыңнан астам адам із-түссіз жоғалған. Тергеушілер олардың көбін түрмелерде азаптап өлтіріп, жасырын жерленген дейді.