Алматы тауында құтқарушылар 3 300 метрден аса биікте қалып қойған ер адамды эвакуациялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Ол таулы аумақтан өздігінен төмен түсе алмай, көмекке мұқтаж болған.

"Алматының Медеу ауданында, теңіз деңгейінен 3337 метр биікте, Титов көлі маңында Қазақстан Республикасы ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1991 жылы туған ер адамға көмек көрсету үшін шақырту бойынша шықты. Ззардап шеккен азамат биіктен сәтті эвакуацияланды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ер адамға медициналық көмек қажет болмағаны айтылды.

Еске салайық, бұған дейін Алматы таулында ТЖМ құтқарушылары Израильдің 35 жастағы турист әйелін эвакуациялаған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget