Мемлекет басшысы грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды айтулы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Айдос Сұлтанғалиды әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін, — деп жазды Президент Instagram парақшасында.