Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымының қорытындысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басым тәртіппен 19 жылу көзін жаңғырту аяқталды.

Өткен жылыту маусымы қалыпты деңгейде өтті. Қыста технологиялық бұзушылықтар саны 10%-ға төмендеді. Қабылданған шаралар жылу стансаларын жаңғырту жұмыстарын қаржыландыруды 44%-ға, ал, жылу желілеріне шамамен 30%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Тозығы жеткен қалған жылу стансалары мен желілерінің барлығын жөндеуді жалғастыру қажет, — деп атап өтті Олжас Бектенов.