Ким Чен Ын мұндай ойы бар екенін парламент отырысында сөйлеген сөзінде байқатқан.

Ол егер Вашингтон ядролық қарусыздандыру туралы талаптарынан бас тартса, АҚШ-пен келіссөз жүргізуге бейіл, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Егер АҚШ ядролық қарусыздандыруға деген бос құмарлығынан бас тартса және шындықты мойындай отырып, Солтүстік Кореямен бейбіт қатар өмір сүруге ұмтылуға дайын болса, бізде АҚШ-пен келіссөз үстеліне отырмауға ешқандай себеп болмайды, – деп Йонхап агенттігі

Солтүстік Корея көшбасшысының сөзін мысалға келтіреді.

Айта кетейік, қос ел президенті соңғы рет 2019 жылы кездескен еді.

"Жеке менің президент Трамп туралы жақсы естеліктерім бар" деп қорытындылады сөзін Ким Чен Ын.

Жалпы, Оңтүстік Кореямен байланысына тоқталған Солтүстік Корея басшысы Сеулмен келіссөз ешқашан болмайтынын нақтылаған. Яғни, Пхеньян оңтүстікпен бірігуге ұмтылмақ емес.