Димаш Құдайбергеннің «Тау ішінде» әніне челлендж түсіріп, желі жұлдызына айналған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза әншінің қолынан Еуропаға жолдама ұтып алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. Енді ол Димаштың Еуропадағы концерітне қатысады. Алтын билетті әншінің анасы Света Айтбаева табыстады.

"Бірінші орын алдық. Барлығы сіздердің қолдауларыңыздың арқасында!", — деп жазды А. Нұртаза.